Н. Назарбаев: Жекешелендіру - жекелеген әкімнің де, министрдің де ісі емес, мемлекеттің ісі
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Жекешелендіру - жекелеген әкімнің де, министрдің де ісі емес, мемлекеттің ісі. Бүгін Ақордада өткен Кәсіпкерлік жөніндегі кеңес барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Маңызды міндеттің бірі - жекешелендірудің жаңа толқыны. Бұл бизнесмендер үшін зор мүмкіндік. Жекешелендіру барысында бірқатар қағидаттың сақталуы қажеттігіне де назар аударған маңызды. Атап айтқанда, жекешелендіру жұмысының ашықтығы, әлеуметтік-жеке меншік әріптестік жүйесін кеңейтудің жөні бөлек», - деді Елбасы.
«Жекешелендіру - жекелеген әкімнің де, министрдің де ісі емес, мемлекеттің ісі. Үкімет осыны уыста ұстасын», - деп ескертті Нұрсұлтан Әбішұлы.