Н.Назарбаевты қолдаудың жоғары деңгейі Қазақстандағы қоғамның әрі қарай жұмылуына негіз болады
ТБИЛИСИ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстанда өткен президенттік сайлауға қатысты пікірлерін білдіруді жалғастыруда.
ҚазАқпарат назарларыңызға грузин саясаттанушысы, «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясының Грузиядағы филиалының директоры Бадри Начкебияның пікірін ұсынады:
«Демократиялық мемлекеттің басшысына бәрібір сын айтылады. Демократиялық мемлекет күшті болған сайын, сын да өткір, оған құлақ асу керек»,- дейді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Кезекті сайлауда жеңіске жеткен Н.Назарбаевтың бұл сөзін оның 95,55 пайыз дауыс алуының себептерін талдауда негізгі роль атқарады деп айтуға болады. Қазақстанның көпұлтты халқының оны басым дауыспен тағы да президенттікке сайлауының басты себебі - оның ұзақ жылдар бойы әділ, демократиялық билік жүргізуі, дейді саясаттанушы. Республика халқы келешек басшылықтан, қайтадан сайланған президенттен бейбітшілікті, демократияны және тұрақтылықты күтеді.
Халықаралық байқаушылардың көпшілігі сайлау процесінің жақсы және ашық ұйымдастырылғанын айтып отыр. Бүкіл әлемдік қоғамдастық Қазақстанда өткен президенттік сайлаудың қорытындысын бірауыздан қолдады. Н.Назарбаевты қолдаудың жоғары деңгейі Қазақстанның көпұлтты қоғамын әрі қарай жұмылдыруға және елдің аймақтағы көшбасшы ретіндегі бәсекеге қабілеттігін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды әрі қарай жалғастыруға негіз болады. Бұл сайлау, жалпыхалықтың дауыс берудің қорытындысы елдегі нақты саяси ахуалды көрсететінін растады. Жеңістің негізгі себебі - Н.Назарбаевтың жеке басының зор беделі.
Қазақстанға өткен сайлауға баға берген Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы делегациясының басшысы Юлия Левочкинаның айтуынша, «сайлау халықтың еркін толық көрсетіп отыр», - деді ол.