Н.Назарбаевтың бастамалары қазіргі әлемнің даму тенденциясына сәйкес келеді - ҚХР Мемкеңес жанындағы сарапшы
Бұл туралы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында ҚХР Мемкеңесінің дамуды зерттеу орталығы жанындағы Еуропа мен Азияның әлеуметтік даму институты бас хатшысының орынбасары Ян Сянхун (Yang Xianghong) мәлім етті.
«ҚР Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ мерейтойлы сессиясында сөйлеген сөздері мазмұнды болды. Қытайлық БАҚ-та Н.Назарбаевтың БҰҰ штаб-пәтерін Азияға ауыстыру жөніндегі бастамасы туралы жаңалық кең тарады. Бұл - өте өзекті ұсыныс, өйткені ол қазіргі әлемнің даму тенденциясына сәйкес келеді. Азия өлкесі көптеген көрсеткіштер бойынша, бірінші кезекте экономикалық өсім бойынша алғашқы орындардан көрінеді», - деді ол.
Қытайлық сарапшы атап өткендей, Н.Назарбаев - болжампаз әрі дана лидер, оның бастамалары болашаққа бағытталған.
Еске сала кетейік, ҚХР Мемкеңесі жанындағы Дамуды зерттеу орталығының ел мен әлемдегі беделі жоғары.