Н.Назарбаевтың бұрын жарияланбаған фотосуреттері Instagram-ға салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Мемлекет басшысының бұрын жарияланбаған суретін орналастырды.

Н.Назарбаевтың бұрын жарияланбаған фотосуреттері Instagram-ға салынады

«Бұл кадр Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында Тараз қаласына сапары кезінде түсірілген», - деп жазылған фотоның астында.

Атап өтілгендей, бұл фотосурет Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен, бұрын БАҚ беттерінде жарияланбаған фотосуреттер жиналған Мемлекет басшысының «Президент: бейресми ракурс» атты кітабынан алынды.

Олардың кейбіреулері апта сайын Ақорданың Инстаграмдағы ресми парақшасында орналастырылатын болады.