Н. Назарбаевтың экономикалық саясатын жоғары бағалаймын - Лаос Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп жатқан экономикалық саясаты мен халықаралық аренадағы Қазақстанның жетістіктерін, сонымен қатар «Нұрлы Жол» экономикалық бағдарламасын жоғары бағалаймын, дейді Лаос Халықтық- Демократиялық Республикасының Президенті Тюммали Сайнясону Елбасы Жолдауына байланысты білдірген пікірінде.
«Құжаттағы ҚР Президентінің негізгі бастамалары қазіргі жаңа жаһандық қауіптерге деген жауабы. Ондағы шаралар ел экономикасының өркендеуіне септеседі».