Н.Назарбаевтың еңбек жолы - республика мен оның халқына қалтқысыз қызметінің үлгісі - В.Сидорова

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының бұрынғы орынбасары, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова құттықтады.
None
None

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Барша қазақстандықтар үшін осы атаулы да маңызды күні мен үшін Сізді тамаша жеңісіңізбен - Тәуелсіз Қазақстанның Президенті болып бірауыздан сайлануыңызбен құттықтау зор мәртебе. Сіздің өміріңіз, еңбек жолыңыз республика мен оның халқына қалтқысыз қызметінің үлгісі болып табылады.

Мен кезінде Сіздің басшылығыңызда жұмыс істегеніме бақыттымын.

Мен сіздің халықтың әл-ауқатын жақсарту, елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңарту бағытындағы данышпандық қызметіңізді өте жоғары бағалаймын.

Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, ұзақ өмір мен мықты денсаулыққа лайықсыз.

ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының бұрынғы орынбасары,

Социалистік Еңбек Ері В.В. Сидорова

Соңғы жаңалықтар