Н.Назарбаевтың көрегендігі - ұлтаралық келісімді саясаттың басты тұғыры етіп ұстауында - В.Салахов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі оның ұлтаралық келісімді саясаттың басты тұғыры етіп қойғандығынан байқалды.
Астана қаласының ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрағасы, «Тұран-таймс» газетінің бас редакторы, Қазақстандағы әзербайжан мәдени орталықтарының президенті Видади Салахов Қазақстан халқы Ассамблеясының 19-жылдық мерейтойына орай осындай пікір білдірді.
«Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардан бастап жүргізіп келе жатқан ұлтаралық саясаты бертін келе әлемдік тарихта өз орнына ие болды. Себебі, дүниежүзінде бұрын Халық ассамблеясы сияқты осындай институт болған жоқ. Ел президентінің саяси көрегендігі Қазақстанды ұлтаралық келісімнің арқасында бұрынғы барлық кеңестік республикалардың ішінде ең тұрақты мемлекет болуына алып келді», - деді В.Салахов.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы барлық саясат елдің 130 этносы өкілдерінің арасындағы достық пен келісімге негізделген.