Н. Назарбаевтың мемлекет игілігіне арналған көпжылдық қызметі көшбасшылықтың үлгісіне айналды - Ш.Перес
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Израиль Мемлекетінің экс-президенті Шимон Перестің құттықтау жеделхаты келіп түсті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Ш.Перес Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет игілігіне арналған көпжылдық қызметі көшбасшылықтың үлгісіне айналғанын атап өтті.
«Сіздің өз еліңізге деген адалдығыңыз Қазақстанды территориясы үлкен мемлекеттен мазмұны бай елге айналдырды, - делінген жеделхатта.
Израильдің экс-президенті Қазақстан Президентінің еңбегі мен жұмсаған күш-жігерінің нәтижесін халық лайықты бағалағанын айтты.
Ш.Перес елімізге өркендеу мен бақ-береке тіледі.