Н.Назарбаевтың шешімі оның демократиялық қағидаларын қуаттап отыр - Бундестаг депутаты Манфред Грунд

АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Германиядағы билік жүргізуші Христиан-демократиялық одақ/ Христиан-әлеуметтік одағы фракциясының атқарушы хатшысы,
None
None

Бундестаг депутаты Манфред Грунд Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы Президент Н.Назарбаевтың шешіміне қатысты өз мәлімдемесін жариялады. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы хабарлап отыр.

Президенттің мәлімдемесіне және қазақстандық Конституциялық кеңестің шешіміне қолдау білдірген неміс саясаткері, «Президенттің шешімін оның Конституцияның демократиялық қағидаларын ұстануы ретінде бағалау керек», деп атап көрсетті. М.Грундтың пікірінше, «Қазақстан жаңару жолымен дамып келеді, оның жетістіктері айқын, әсіресе бұрынғы Кеңес одағының басқа елдерімен салыстырар болсақ. Мемлекет басшысы елдің тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етті».

«Осы ілгерілеушілікті, саяси реформалармен байланыстыра отырып, келешекте де жалғастыру керек. Президент Н.Назарбаевтың шешімі осы мақсатқа жетелейді», делінген Бундестаг депутатының мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар