Н.Назарбаевтың силиконды мүсінін жасап шығарған азамат, өз туындысын Елбасына жеке тапсыруды армандайды

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат -  Арқалық қаласының тұрғыны силиконнан Н.Назарбаевтың мүсінін жасап шығарып, оны Елбасына жеке тапсыруға ниетті.

Н.Назарбаевтың силиконды мүсінін жасап шығарған азамат, өз туындысын Елбасына жеке тапсыруды армандайды

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың жеке блогына хат жазған Айдос Есмағамбетов өзінің арманымен бөлісті.

«Мен Арқалық қаласының тұрғынымын, Бейнелеу өнері және сурет мамандығының иесімін. Қазір гиперрализм жанрында силиконнан мүсіндер жасаумен шұғылданамын. Осыдан бірер уақыт бұрын Президент Н.Ә. Назарбаевтың мүсінін жасадым. Сол туындымды Елбасына тарту еткім келеді... Соған жәрдемдессеңіз екен», - деп жазды ол өзінің өтініш хатында.

Мүсінші ҚР Тұңғыш Президентінің силиконды мүсінін көруге болатын сілтемелерді де келтірді - http://www.youtube.com/watch?v=d6frT6BEW7c

Арқалық азаматының ұсынысымен танысып шыққан И.Тасмағамбетов Елбасына силиконды мүсінді сыйлау ыңғайсыз әрі біздің мәдениетімізге жат деп ойлайтындығын айтты.

«Силиконнан мүсін жасау тәжірибесі бірнеше жылдар бойы кең қолданылып келеді, негізінен, олар балауыз мүсіндер мұражайларына қойылып, сақталады. Бұл мұражайлардың мақсаттары мен міндеттері айқын. Сіздің жұмысыңызды да осындай балауыз мүсіндер мұражайына жайғастыруға болады. Елбасына бұл жұмысты сыйлау ыңғайсыз әрі біздің мәдениетімізге жат нәрсе болар деп ойлаймын. Сондықтан, Елбасына құрметіңіз бен ризалығыңызды басқа тәсілдермен, шынайы көркемсурет туындыларымен де білдіруге болатынын айтқым келеді», - деді әкім.