Н. Назарбаевтың жеңісі көпұлтты Қазақстан халқының бірлігін паш етті - қырғызстандық сарапшы М. Жұмағұлов
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Президенттік сайлаудағы Н. Назарбаевтың жеңісі жұдырықтай жұмылған көпұлтты қазақстандықтардың бірлігін паш етті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында беделді әскери сарапшы, белгілі қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының бұрынғы орынбасары запастағы генерал-майор М. Жұмағұлов.
«Өткен сайлау нәтижесі қазақстандықтардың өз көшбасшыларына деген сенімін, оны ерекше қолдауын көрсетті. Халықтың сындарлы да сенімді таңдау жасағанына қуаныштымын. Талдаушы ретінде қазір де, келешекте де Н. Назарбаевқа балама болатын күшті қарсылас көріп тұрғаным жоқ. Әрі Н. Назарбаевтың алға қойған жоспары да айрықша, ауқымды», - деді ол.
Сарапшы ағылып келген дауыс берушілердің көптігін, рәсім барысында құқық бұзушылық болмағанын атап өтті, оның пікірінше, әлеуметтік жетістіктің негізі - әр азамат ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, азаматтық жауапкершілікті сезінуінде.
«Бұл сайлау тарихқа енері сөзсіз. Халық сайлауға мерекелік көңіл күймен барды. Осыдан да халықтың бірлігі, олардың тұрақты дамуға, перспективалы келешекке деген ынтасы анық сезіліп тұрды. Н. Назарбаевты сайлау қырғызстандықтарға да екі ел арасындағы екіжақты бауырлас қатынастарды одан әрі дамытуға, кеңейтуге, қол жеткізілген деңгейді сақтауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті М. Жұмағұлов.