Н.Назарбаевтың Жолдаулары - әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастықты дамытқысы келетін әр тәуелсіз мемлекетке үлгі - Йонас Милюс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Н.Ә.Назарбаевтың Жолдаулары - тұрақты дамып, әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастықты дамытқысы келетін әр тәуелсіз мемлекетке үлгі. Бұл туралы Литваның ветеринария және азық-түлік мемлекеттік қызметінің директоры Йонас Милюс айтты.

Н.Назарбаевтың Жолдаулары - әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастықты дамытқысы келетін әр тәуелсіз мемлекетке үлгі - Йонас Милюс

«ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы ішкі саяси және экономикалық бағытына қарай әмбебап болып келеді. Оны тұрақты дамып, әлемдік қауымдастықпен ынтымақтасқысы келетін әр тәуелсіз мемлекет өзіне пайдалануына болады», - деді Йонас Милюс.