Н.Нығматулин: адам тағдырына да қарап, жазалаудың әділ жолын қарастыру қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қылмыстық кодексінің жобасы мақұлданған Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Палата Спикері Нұрлан Нығматулин адам тағдырына да қарап, жазалаудың әділ жолын қарастыру қажет екенін атап өтті.

Н.Нығматулин: адам тағдырына да қарап, жазалаудың әділ жолын қарастыру қажет

Кодекс жобасы тәжірибе бойынша жауап беретін өз құрылымын сақтайды, оның ішінде: Жалпы және Айрықша бөлімдерінде. Осы заң жобасын қабылдау, жалпы алғанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, қоғам мен мемлекет мүдделерінің қылмыстық қол сұғушылықтан тиімді түрде қорғалуын қамтамасыз ететінін, құқық бұзушылықтар профилактикасының тиімділігін арттырады. Қылмыстық кодекс жобасын Мәжілістің салалық комитеті мен жұмыс тобында талқылауды атап өткен Палата Спикері Нұрлан Нығматулин: «Әрбір жаңа өзгерістің артында адамның және оның отбасының тағдыры тұр. Сондықтан, жаңа Қылмыстық Кодекс, біріншіден, кез-келген теріс әрекеттерге жол бермеуі керек. Екіншіден, жазалаудың да әділ жолын қарастыруы қажет. Сол кезде ғана бұл заң елімізге де, халқымызға да қызмет ететін болады», - деп нақтылап өтті. Жаңа редакция қылмыстық жазалау түрлерінің, қылмыс ұғымының түбегейлі түрде өзгертілуіне, пробациялық бақылаудың жетілдірілуіне, бір бөлігі қазіргі таңда қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және енді қылмыстық-құқықтық салаға ауыстырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтар институтының енгізілуіне байланысты.