Н.Нығматулин: Финляндиялық әріптестерімізбен ортақ мәселелер көп

Бұл туралы Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметінен мәлім етті.
Әңгіме барысында тараптар екі елдің қазіргі даму үдерісі Қазақстан мен Финляндияның арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестіктің жаңа сапалық деңгейге көтерілгендігінің дәлелі екендігін айтты. Сонымен қатар, саяси сұхбат жолындағы жоғары жетістік тікелей екі елдің Көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Саули Ниинистёнің еңбектерінің жемісі екендігіне баса назар аударды.
Сондай-ақ, екі елдің парламентаралық ынтымақтастық жағдайы да назардан тыс қалмады.
Мәжіліс төрағасы өз сөзінде: «Қазақстандық парламент өкілдерін, финляндиялық әріптестердің заң шығару жолындағы, әсіресе, инновациялық даму, білім жүйесін жетілдіру, экономикаға «экологиялық» жолмен келу, жемқорлықпен күрес, жалпы алғанда, мемлекет пен азаматтық қоғамды жаңғырту жолындағы жұмыс тәжірибелері ерекше қызықтырады», - деп атап өтті.
Аталған екі елдің жоғары заң шығарушы органдары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі күшейту мақсатында Қазақстан Парламентінде Финлияндиямен ынтымақтастық жөніндегі топ құрылды.
Нұрлан Нығматулин мен Микко Киннунен парламент өкілдері арасындағы байланыстың алдағы уақытта жаңа белеске көтерілетініне және Қазақстан мен Финляндия арасында табысты ынтымақтастықтың болашағы зор екендігіне сенім білдірді.