Н. Нығматулин мүмкін болатын дағдарыстар мен қайшылықтардың алдын алуға қабілетті тұлға - Қ.Сұлтанов

Оның айтуынша, Н. Нығматулин Елбасының мемлекеттің ең жауапты мәселелерін шешуде зор сенім көрсетіп жүрген әріптестерінің бірегейі. Ол мемлекет құрылысы мен қуаттануы бағытында Президент тапсырған аса маңызды лауазымдар мен міндеттерді абыроймен атқарып келе жатқан тұлға.
«Н. Нығматулин өңірлер мен мемлекет басқару ісінің күрделі әрі мол тәжірибелі мектебінен өтіп, ел тынысы мен жағдайын білетін, шыңдалып, кемелденген, елге танымал мемлекеттік қайраткер. Н. Назарбаевтың қоғамның сапасын өзгертетін Бес институттық реформалары «100 нақты қадамы» біздің барлығымызға, әсіресе Үкіметке, Парламент пен сот билігіне, жалпы барлық мемлекеттік институттарға жаңа міндеттер жүктеп отыр. Оларды орындау жолында біздің өміріміздің көп саласына түбегейлі, өркениетті өзгерістер енетіні хақ. Н. Нығматулин Елбасының осы стратегиясын жүзеге асырудың мазмұны мен тетігін білетін адам. Ол мүмкін болатын дағдарыстар мен қайшылықтардың алдын алуға қабілетті», деді Қ. Сұлтанов. Оның пайымынша, Н. Нығматулин Парламент ұжымын ұтымды ұйымдастыруға шебер әрі кез келген іске ширақ қарайтын қабілетті басшы.