Н.Нығматулин: Травматикалық қаруға қатаң бақылау қажет

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Мәжілісте өтіп жатқан «Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелері» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысында травматикалық қару жағдайына баса назар аударылуда,
None
None

деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Осы тұста айтылған ұсыныстардың бірі - травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алып, қызметтік санатқа ауыстыру туралы. Оған бірден-бір себеп, соңғы уақыттарда травматикалық қаруды пайдалану арқылы жасалған қылмыстар саны қарқын алып барады.

Аталған аспектілерді жан-жақты қарау мақсатында Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес осы мәселелердің кеңінен талқылануына бастамашы болып отыр.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, қару шын мәнінде, қорғану құралы емес, бұл шабуыл жасау құралы. Сондықтан, бұл жерде екі түрлі пікірге жол беруге болмайды, кез келген қару айналымы егжей-тегжейлі және қатаң бақылауды талап етеді.

- Соңғы 5 жылда ішкі істер органдарында травматикалық қаруды өзін-өзі қорғау мақсатында пайдаланған 19 оқиға тіркелген, ал керісінше, осы қарумен қылмыс жасаған жағдайлар саны мыңға жетеді. Сондықтан, өзін-өзі қорғауға арналған қару қауіпке айналған кезде, біздің азаматтарымызды қорғаудың бір ғана амалы - бұл қаруға тыйым салу немесе оны пайдалануға байланысты талапты күшейту,-деді Нұрлан Нығматулин.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратура және Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері, сонымен бірге азаматтық сектор өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар