Н. Нығматулин: Үкімет сән-салтанаттың лайықты салығын енгізуі керек еді

Бұл ең алдымен, қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын көліктерге қатысты болмақ. «Темір тұлпарларға салынатын салық түріне қатысты - қозғалтқыш көлемі 4 мыңнан, 5 мың текше см-ге дейінгі көліктер үшін салық мөлшерін 130 МРП дейін, ал, көлемі 5 мың текше. см-ден асатын көліктер үшін салық мөлшерін -200 МРП дейін өсіруді және қарапайым азаматтарымыздың мүддесіне нұқсан келтірмес үшін жаңа салықтық мөлшерлемелерді 2014 жылдың, 1-ші қаңтарынан бастап сатылып алынатын көліктерге қолдануды ұсынамыз. Яғни, ертеректе сатылып алынған көліктер үшін бұрынғы салық көлемін қалдыру қажет», - деді Нұрлан Нығматулин.
Жылжымайтын мүлікке байланысты салықты сөз еткенде Мәжіліс Спикері жоғарылататын коэффициентті жойып, баспана құнына қатысты неғұрлым әділ тәсілге алмастыру керектігін айтты.
«Бұл салық салу кезінде, әсіресе, құны жоғары баспаналар үшін неғұрлым негізді болмақ», - деді Нұрлан Нығматулин.