15:12, 29 Маусым 2016 | GMT +5
Н.Нығматулин Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы И.Кахраманға Ыстамбұлдағы лаңкестікке байланысты көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасы Исмаил Кахраманға Ыстамбұлда болған лаңкестікке байланысты көңіл білдірді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан және жеке өз атымнан Ыстамбұл қаласында үлкен адам шығындарына алып келген жарылыстардың нәтижесінде қаза тапқандардың отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.
Біз қандай түрде және көріністерде болмасын лаңкестікті айыптаймыз. Төраға мырза, қаза тапқандардың туған-туыстарына біздің шынайы жанашырлығымызды жеткізуіңізді сұраймын», - деп атап өтті Нығматулин.