Н.Петухова: Медициналық мекемелерде эндоскопиялық тексеруден өту барысында обыр немесе асқазан жарасын жұқтыру қаупі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық мекемелерде эндоскопиялық тексеруден өту барысында обыр немесе асқазан жарасын жұқтыру қаупі бар.

Н.Петухова: Медициналық мекемелерде эндоскопиялық тексеруден өту барысында обыр немесе асқазан жарасын жұқтыру қаупі бар

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында депутат Надежда Петухова мәлім етті.

«Эндоскопиялық тексеруден өту барысында проблема бар. Бұл тексеруден өту барысында қолданғаннан кейін тазартуды қажет ететін аппарат қолданылады»,- деді ол.

Оның пайымынша, қолданылған эндоскоптарды тазартуға қажетті аппараттар еліміздің медициналық мекемелерінде жеткіліксіз.

«Меніңше, осы жылы ғана мұндай аппараттар жеткізілді әрі ол барлық өңірде бірдей жеткен жоқ. Ал бір науқастың екіншісіне обыр не болмаса жара жұқтыру қаупі бар екендіктерін білесіздер»,- деген Н.Петухова бұл проблеманы шешу қажеттігіне баса назар аударды.