10:20, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Н.Саркозидің партиясы Еуроодақ ішіндегі шекараны қайтаруға шақырды
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Франция президенті Николя Саркозидің партиясы Еуроодақ аумағында ішкі шекара жүйесіне қайта оралуды ұсынып отыр. Партия жетекшісі Хавьер Бертранның пікірінше, заңсыз көші-қонмен күресу үшін ішкі шекараны қайтару керек, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Хавьер Бертранның айтуынша, «шекара қызметтері суда да, құрғақта да жұмыс істей алуы үшін, жалпыеуропалық деңгейде қатаң шаралар керек». Дегенмен, Х.Бертран мырза шекара жүйесін қайтаруда қаншалықты «қатты кету» керек екенін нақтыламайды.
Қазіргі уақытта Шенген келісіміне кірген Еуроодақ елдерінің арасында шекара жоқ. Шекара қызметтері Еуроодақтың тек сыртқы шебінде ғана жұмыс істейді.
Айта кету керек, Н.Саркози заңсыз мигранттарға қарсы күрес шараларын қатайту керектігін әрқашан айтып келеді. Ал оның қарсыластары болса, президент түрлі сайлауларда әсіре оңшыл сайлаушылардың қолдауына ие болуы үшін осындай мәлімдемелер жасайды деп отыр.