Н. Тілендиев ескерткішінің таңдаулы жобасына байқау жарияланды
АЛМАТЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласы әкімдігі «Халық қаһарманы», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық әртісі, аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішінің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялады.
Байқаудың мақсаты - орнатылатын ескерткіштің тарихи бейнесін ашып, мүсіндік-көркемдік шешімін табу. Ұсынылатын жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.
Байқауға өтініштер 2011 жылдың 20 наурызы мен 20 сәуір аралығында қабылданады.