Н.Тінәлиев екі мәрте Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық палуан Нұрмахан Тінәлиев грек-рим күресінен Доха қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Н.Тінәлиев екі мәрте Азия чемпионы атанды

Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 27 жастағы Нұрмахан 130 келіге дейінгі салмақта финалда қытайлық Киан Менді 3:2 есебімен ұтты.

Н.Тінәлиев осымен екінші рет Азия чемпионы атанып отыр. Бұдан бір жыл бұрын ол Нью-Делиде 120 келіге дейінгі салмақта үздік шыққан болатын. Оған қоса Н.Тінәлиевтің әлем біріншілігінің үш мәрте қола жүлдегері екенін айта кетейік. Жетпей тұрғаны - олимпиада жүлдесі ғана.

Биылғы Азия біріншілігінде сонымен қатар Нұрсұлтан Тұрсынов (85 кг) күміс, Марғұлан Әсембаев (98 кг), Жасұлан Қошанов (80 кг), Демеу Жадыраев (66 кг) қола жүлдені еншіледі.