Н. Ысқақовқа мемлекеттік сатып алу шаралары барысында өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Нұрлан Ысқақовқа мемлекеттік сатып алу шаралары барысында өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Н. Ысқақовқа мемлекеттік сатып алу шаралары барысында өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық іске тоқталатын болсақ, бүгін Нұрлан Ысқақовқа мемлекеттік сатып алу шаралары барысында өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Бұған дейін ол мемлекеттік сатып алуларда бюджеттік қаржының талан-таражға түсуін ұйымдастырды деген күдікпен айыпталған болатын. Қазіргі кезде Нұрлан Ысқақовқа өкілеттігін асыра пайдаланды деген екінші айып тағылып отыр», - деді ресми өкіл.