Нью-Делиде G20 саммитінің алғашқы күні аяқталды

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Нью-Делиде G20 саммитінің алғашқы күні аяқталды. Қатысушы елдер Африка одағын «Үлкен жиырмалықтың» тұрақты мүшесі ретінде бекітті, сондай-ақ қорытынды декларация тұжырымы бойынша келісімге келе алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
None
Фото: efe

Саммитке G20-ға мүше барлық мемлекеттің және тағы 9 елдің (Бангладеш, Мысыр, Испания, Маврикий, Нигерия, Нидерланд, БАӘ, Оман және Сингапур) басшылары шақырылды.

Басқосудың бірінші күнінде Африка одағын «Үлкен жиырмалықтың» тұрақты мүшесі етіп бекіту туралы Үндістан ұсынысы, Украина мәселесі, астық келісімі бойынша келіссөздер, экология және өзге де мәселелер талқыланды.

Саммит Үндістанда 9-10 қыркүйек күндері офлайн форматта өтәдееді.


Соңғы жаңалықтар