Нью-Делиде мыңдаған адам көшеде йогамен айналысып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йога күніне арналған­ салтанаты шараға қатысу үшін мыңдаған адам Үндістан астанасы Нью-Делидегі Раджпатх даңғылына жиналды.

Нью-Делиде мыңдаған адам көшеде йогамен айналысып жатыр

Мұнда Халықаралық йога күні алғаш рет өткізіліп жатыр. Үнді астанасының орталығында тәртіпті мыңдаған полиция қызметкері қамтамасыз етуде.

Жексенбі күні Раджпатх даңғылында йогамен 35 мыңға жуық адам айналысатыны күтіліп отыр, олардың арасында шенеуніктер, студенттер мен әскерилер бар.

Салтанатты шараға сондай-ақ Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері шақырылды. Олар йогамен бір уақытта ең көп адамның айналысқан фактісін тіркеуі мүмкін.

Қатысушыларды Үндістанның премьер-министрі Наредра Моди құттықтады. Айта кеткен жөн, Модидің бастамасымен өткен жылдың желтоқсан айында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 21 маусымды Халықаралық йога күні деп жариялаған болатын.