Нью-Делиде үш көтергіш кран тұрғын үйлерге құлады

МӘСКЕУ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Нью-Делиде үш құрылыс краны тұрғын үйлердің үстіне құлады. Оның алдында метроның салынып жатқан эстакадасы құлап, алты адам қаза болған еді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін құлаған крандар үйінділерді аршып жатқан болатын, оны ақпартатық телеарналар түсіріп жатқан. Бес адам жараланғаны хабарланды. Жексенбі күнгі қайғылы апат 11 жыл ішінде делилік метро құрылысындағы ең ауқымды оқиға болды.

Метрополитен директоры, көптеген сыйлықтар мен наградалардың лауреаты төтенше оқиғадан кейін шұғыл баспасөз мәслихатын шақырып, өзінің жұмыстан кететінін мәлімдеді. Нью-Дели әкімшілігінің басшысы оның өтінішіне қол қоюдан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар