Нью-Делиді түтін басып, мектептер жабылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Нью-Дели аспанын улы түтін басты. Үндістан билігі ауадағы қауіпті бөлшектердің рекордтық деңгейде шоғырлануына байланысты ел астанасындағы мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға жіберуге шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Швейцарияның IQAir ауа сапасын бақылау компаниясының мәліметі бойынша, жұма күні ең қауіпті PM 2.5 бөлшектерінің деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген ең жоғары деңгейден 25 есе көп болған.
елдің солтүстігінде сабан мен сабақтарды жағу ластанудың негізгі себебіне айналып отыр.
Билік сонымен қатар ғимараттарды салу мен бұзу жұмыстарын тоқтатты, сондай-ақ дизельді көліктердің қозғалысын шектеді.
Үндістан үкіметі тұрғындарға қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді.
Видеодан алынған кадр ru.euronews.com