Нью-Джерсидегі марафон алдындағы жарылыс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сисайд-Пар қаласында ( Нью-Джерси, АҚШ) қайырымдылық марафоны өткізілетін жерге маяу маңда қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылды.
Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлады.
Деректерге қарағанда, темір құбырлар және жарылғыштар топтастырылған құрылғы жарыс өтуі тиіс трасса жанындағы қоқыс жәшігіне орналастырылған. Ол шамамен жергілікті уақыт бойынша 09:30-да іске қосылды. Жарылыстан зардап шеккендер жоқ.
Бұл жаппай жүгіруге 5 мыңға жуық адам қатысуы тиіс болатын.
Келеңсіз жағдайдан кейін полиция оқиға орнын және оған жақын көшелерді жапты.