Нью-Гэмпшир кондитерлері рекорд орнатты
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Гиннестің Рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізілді. Нью-Гэмпшир штатының кондитерлері салмағы 555 киләдан асатын үлкен кекс пісірді,
деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.
Ол кексті дайындау үшін 800 жұмыртқа, 90 килә ұн және сонша қант қажет болған. Және ол кекс арнайы пеште 12 сағат бойы пісірілген. Тәттіні дайындаушы «Гурмэ гифт баскетс» компаниясы өкілдерінің айтуынша, ол американдықтар «кап-кейк» атайтын ол өнімде 2 миллионнан астам калорий бар көрінеді.
Мичиган штатындағы Роял-Оук қалашығында өткен қайырымдылық шарасына қатысушылар бұл «гиннестік» кекстен дәм татқан. Сенбі күні өткен бұл шарадан түскен қаржы қатерлі ісік ауруларымен күресу қорына аударылады.