Нью-Иорктағы Бостандық мүсінінің жанында серуендеуге арналған екі катер соқтығысты

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Манхеттеннен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Нью-Иорктағы Бостандық мүсінінің жанында серуендеуге арналған екі катер соқтығысып, бір адам қаза тапты. Сондай-ақ, екі адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды РБК.
None
None

Зардап шеккендерге дер кезінде көмекке полицейлер мен жағалау күзеті қызметінің қызметкерлері келіп, оларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізе алды. Оқиға салдары анықталуда.

Соңғы жаңалықтар