Нью-Йорк әуежайында әйел сөмкесінен екі тапанша мен 15 келі марихуана табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдан полицейлер Канаданың 27 жастағы тұрғынының жүксалғышынан жүздеген патрондары бар екі тапанша мен 15 келіге жуық марихуана тапты.
Бұл туралы дүйсенбі күні жергілікті билік хабарлады.
Олардың деректеріне сүйенсек, ұсталған құқық бұзушы - канадалық Онтарио провинциясында тұратын Ниша Макферсон. Ол қару мен есірткіні азық-түлік орамаларының арасына жасырған.
Макферсон Нью-Йорктен Барбадос аралына баруды көздеген.