Нью-Йорк билігі шіркеуді мешітке айналдыруға рұқсат берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қалалық кеңесі мұсылмандарға бұрынғы католик шіркеуін мешіт ретінде пайдаланулары үшін оның төбесіндегі алты кресті алып тастауға рұқсат етті.
Бұған бірқатар жергілікті тұрғындар және шіркеуге мінәжат етушілер қарсылықтарын білдірген еді. 200-ден астам адам онлайн-петицияға қол да қойған. Онда нысанды 100 жыл бұрын неміс қоныс аударушылары тұрғызғандығы, бұл ғимарат қаланың архитектуралық ескерткіштерінің бірі екендігі жазылған. Шіркеу 2010 жылы мінәжат етушілердің тым аздығына байланысты жабылған еді. Ал өткен жылдың желтоқсанында шіркеуді, жексенбілік мектепті иммиграттардың сауатсыздығын жоюмен айналысатын коммерциялық емес ұйым сатып алған болатын. Олардың басым бөлігі Бирма, Бутан және Сомалиден келгендер, деп хабарлайды Утро. ру.