Нью-Йорк биржасында техникалық себептермен сауда-саттық тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк тауар биржасында (NYSE) техникалық себептерге байланысты сауда-саттық тоқтатылды.
Биржа сайтындағы хабарламада атап өтілгендей, техникалық іркілістердің мән-жайы мен себептері кейінірек жарияланады. Барлық ашық ордерлер жойылады, деп ескертті NYSE.
Бұл кезде NASDAQ биржасында сауда-саттық жалғасуда.
Би-би-сидің хабарлауынша, Wall Street Journal газетінің сайты да техникалық проблемаларға байланысты жұмысын тоқтатты.