Нью-Йорк галереясынан Сальвадор Далидің құнды туындысын ұрлап кетті
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің галареясынан Сальвадор Далидің 1949 жылы салынған "Дон Хуан Тенорио" атты туындысы қолды болды.
Айта кету керек, шығарма ұрланған сәтте маңында күзетші болған.
Жас жігіт картинаны суретке түсіріп алуға рұқсат сұрап, оның жанына барған. Рұқсат бермеген күзетші өз шаруаларымен айналыса берген. Күдікті ер адам сол оңтайлы сәтті пайдаланып суретті сөмкенің ішіне жытырып, жалма-жан ізін суытқан. Галереяның иесі Адам Линдеманның айтуынша, "Дон Хуан Тенорио" картинасының құны шамамен 150 мың доллар тұрады.