Нью-Йорк губернаторы мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк штатының губернаторы  мен оның көмекшілері бар тікұшақ сәрсенбі күні Оранж округінде апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. 

Нью-Йорк губернаторы мінген тікұшақ апатты жағдайда қонды

Ұшқышқа тікұшақты Стюарт әуежайына қондыра алудың сәті түсті. Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Эй-би-си телекомпаниясы.

Олардың дерегіне сүйенсек, куәгерлер тікұшақтың қою түтінге оранып, қонғанын көрген. Оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр.

Куомо көмекшілерімен бірге штаттың астанасы Олбани қаласынан қайтып келе жатқан. Сәрсенбі күні губернатор штаттың заңнамалық ассамблея мүшелерінің алдында бағдарламалық сөз сөйлеген еді.