Нью-Йорк кинофестивалі Дэвид Финчердің «Ғайып болған қыз» фильмімен ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал американдық режиссер Дэвид Финчердің «Ғайып болған қыз» атты әлемге танымал премьералық фильмімен жұма күні кешке қарай Линкольн-орталығында 52-ші Нью-Йорк кинофестивалі ашылды, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Америкалық жазушы Галлиан Флиннің романы желісімен түсірілген кинолентаның басты рөлдерінде голливуд актерлары Бен Аффлек пен Розамунд Пайк ойнайды.
Дэвид Финчер «Жеті» (Se7en, 1995), «Ойын» (The Game, 1997), «Күрес клубы» (Fight Club, 1999), «Бенджамин Баттонның жұмбақ оқиғасы» (The Curious Case of Benjamin Button, 2008), «Әлеуметтік желі» (The Social Network, 2010) фильмдерімен танымал.
«Ғайып болған қыз» АҚШ-та қазаннан бастап көрсетіле бастайды.