Нью-Йорк көшелерінде кеңестік «күн-көсем» туралы ән әуеніне брейк биін салып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк көшелерінде кеңестік " күн-көсем" туралы ән әуеніне брейк биін билеп жүр, деп хабарлады www.rukavkaz.ru.

Нью-Йорк көшелерінде кеңестік «күн-көсем» туралы ән әуеніне брейк биін салып жүр

Интернеттегі www.youtube.com сервисінде орналастырылған Нью-Йорктегі қарапайым көше бишілерінің брейк данс батл биіне Иосиф Кобзон орындайтын Ленин туралы әнінің әуені өзек болған.

Оны афроамерикандық топ жастары брейс-данс үлгісінде билеп жүр. 1974 жылы ерлі-зайыпты Николай Добронравов пен Александра Пахмутова жазған «Ұрыс тағы да жалғасады» («И вновь продолжается бой») әні американдық бишілерді баурап алды.

Октябрь революциясына және кеңестік көсем Владимир Ленинге арналған бұл әнді кезінде Лев Лещенко мен Иосиф Кобзон орындаған болатын. Оның 2000-жылдары қайта өңделген нұсқасын қазір Иосиф Кобзон шырқап жүр.

Ролик Нью-Йорк метросы стансаларының бірінде түсірілген. Қашан түсірілгені белгісіз. Ол ғаламторда бұдан бір жыл бұрын жарияланған болатын, бірақ та БАҚ назарына қазір ғана ілігіп отыр.