Нью-Йорк мұражайы Камбоджаға ұрланған мүсіндерді қайтаратын болды

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі «Метрополитен» мұражайы Камбоджаға X ғасырға жататын екі мүсінді қайтаратындығын мәлімдеді.
None
None

Бұл ескерткіштер кезінде ұрланған деген дәлелді деректер де бар. Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар хабарлады.

Тастан қашалған екі мүсін 20 бойы мұражайдың Азия өнеріне арналған залдарына кіреберісінде тұрған. Кхмерс мүсіндері мұражайға бөлек төрт фрагмент түрінде 1987 жылдан 1992 жылы аралығында табыс етілген екен. 2012 жылы Камбоджа үкіметі оларды қайтаруды талап ететінін жариялаған болатын.

Камбоджадағы келіссөздерден кейін мұражай өкілдері дәлелді деректерге көздері жеткендігін мойындады. Атап айтқанда, 1970-ші жылдары аталған елдегі ғибадатханадан мүсіндер ұрланып, контрабанда арқылы сыртқа шығарылған.

Соңғы жаңалықтар