Нью-Йорк орталығындағы көк тіреген «Трамп-тауэр» ғимаратында өрт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк орталығындағы көк тіреген "Трамп-тауэр" ғимаратының 21 қабатында өрт болды. Жалын шарпыған орыннан будақтап аспанға жайылған қара түтіннен оның қайдан шығып жатқаны анық байқалды. Бір адам зардап шекті.

Нью-Йорк орталығындағы көк тіреген «Трамп-тауэр» ғимаратында өрт болды

Өрт зәулім ғимараттың террассасында тұтанған, деп хабарлайды ТАСС Нью-Йорк қаласының өрт қызметі инспекциясына сілтеме жасап.

Тілсіз жау шұғыл сөндірілген.