Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов қазақстандық фильмге түсіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі шоумен, «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев Инстаграм парақшасында Нью-Йорк қаласының ең үздік полиция қызметкері Димаш Ниязов «Бизнес по-казаxски в Америке» фильміне түсіп жатқанын жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов қазақстандық фильмге түсіп жатыр

Бұл Димаштың кино әлеміндегі дебюті болып отыр.

«Шымкентте дүниеге келген Димаш 13 жасында Нью-Йоркке қоныс аударады. Қысқа уақыт ішінде үлгілі жұмысының арқасында алдыңғы қатарлы полицей атанып үлгерді. Сонымен қатар, кәсіпқой боксшы. Ұсынысымызды бірден қабыл алған Димаш Ниязов бүгін Лос-Анджелесте «Бизнес по-казаxски в Америке» киносының түсіріліміне кірісіп кетті. Димаш, көп рақмет саған!» - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Фильм биыл жылдың соңына қарай еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін болады.