Нью-Йорк полициясының өкілі «Домодедово» әуежайында болған лаңкестік жайында ақпарат жинамақ
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Нью-Йорк полициясының тергеушісі «Домодедово» әуежайында болған лаңкестік әрекет жайында ақпарат алуға Мәскеуге келді.
Аталған лаңкестік салдарынан 24 қаңтарда 35 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланған болатын. Бұл жайында сәрсенбі күні "Лента.ру" Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлады.
Ресейлік құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық орнату осындай лаңкестік АҚШ аумағында болдырмаудың алдын алуға септігін тигізбек. Агенттіктің ақпаратына сәйкес, осы тергеуші 2010 жылы наурызда метрода болған лаңкестік оқиғадан кейін Мәскеуге келген болатын.
"Әдетте, бұл американдық тергеуші Тель-Авивте жұмыс істеп, Израиль аумағында болған лаңкестіктерге талдау жасаған", - деп хабарлайды АР. Американдықтың Мәскеуде қанша уақыт болатыны анықталмаған. Сонымен қатар американдық тергеушіге ресейлік әріптестері қандай ақпараттың ұсынатындығы және ынтымақтастық қалай ұйымдастырылатыны белгісіз болып тұр.