Нью-Йорк штатында 103 күшік алып бара жатқан фургон аударылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-Йорк штатында 103 күшік алып бар фургон аударылып кетті. Бұл туралы Star-Gazette басылымы хабарлады.

Нью-Йорк штатында 103 күшік алып бара жатқан фургон аударылды

Оқиға Авока қаласының аумағында орын алды. Күшіктерді зоодүкендерге алып бара жатқан жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Машина жыраға түсіп кетіп, аударылды. Патрульдер мен көлік құралдарын сүйреумен айналысатын компания қызметкерлері жануарларды құтқаруға көмектескен. Бес күшік аздап жарақат алған. Олар Жануарларды қатыгездіктен қорғау қоғамына берілді.