Нью-Йорк штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Гайд-Парк және Гарден-Сити қалаларына жақын жерде Long Island Rail Road (LIRR) компаниясы пойызының рельстен шығып кетуі салдарынан Нью-Йорк штатында теміржол қозғалысы бұзылды. Ресми деректерге сәйкес, апат салдарынан 11 адам жапа шекті. БАҚ-тың бағалауынша, зардап шеккендердің саны 100-ге жетуі мүмкін, деп жазды RT.
Апат салдарынан ең кемі 11 адам жапа шекті, деп хабарлады жергілікті News 12 телеарнасы Нью-Йорк штаты губернаторы Эндрю Куомоға сілтеме жасап. Оның сөзіне қарағанда, апат кезінде пойызда 600 адам болған.
Телеарна ақпаратынша, зардап шеккендердің саны 50-ден 100 адамға дейін жетуі мүмкін.