Нью-Йорк штатында жүк көлігі мейрамханаға кіріп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк штатында жеңіл көліктерді тасымалдайтын жүк көлігі мейрамханаға кіріп кетті.
Associated Press мәліметінше, ЖКО салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам ауыр жарақат алған.
Атап штаттың солтүстігінде орналасқан Итака қаласында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.
Куәгерлердің айтуынша, көлік қатты жылдамдықпен келіп, көшенің қиылысындағы ғимаратқа соқтығысып, соған жартылай кіріп кеткен. Ғимараттың барлық қабырғаларында үлкен жарықшақтар пайда болған, терезелерінің көбі қираған.
Жүк көлігіінң жүргізушісі қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.