Нью-Йорк соты Стросс-Канның ісін жапты
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 23 тамызда, Нью-Йорк штатының Жоғарғы соты қонақ үйдің қызметші әйелін зорлады деп айыпталған ХВҚ экс-басшысы Доминик Стросс-Канның үстінен қозғалған істі жапты,
деп хабарлайды Reuters.
Процесс талапкердің жауабы үнемі сәйкес келмеуіне және өзінің өткен өмірі жайлы өтірік айтуына байланысты прокуратура істі қолдаудан бас тартқаны туралы айыптаушылардың мәлімдемесінен кейін жабылды.
Еске сала кетейік, 62 жастағы ХВҚ бұрынғы басшысы 2011 жылдың мамырында Нью-Йорк әуежайында Sofitel отелінің 32 жастағы қызметші әйелін зорлауға әрекет етті деген айыппен тұтқындалған болатын.
Айыптаушылардың қысымымен ХВҚ бұрынғы басшысы 2011 жылдың 19 мамырында қызметінен кеткен.