10:30, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Нью-Йорк: ұшақ апатына құстар себеп болған
НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Нью-Йорк – Шарлот (Солтүстік Каролина) бағытында ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының Гудзон өзеніне жедел қонуға мәжбүр болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, US Airways компаниясының А-320 ұшағы Ла Гуардиа әуежайынан ұшып шыққаннан кейін экипаж командирі ұшақтың топ болып ұшқан құстармен соқтығысып қалғанын хабарлайды және соның салдарынан ұшақты суға қондыру туралы шешім қабылдағанын айтады. Жолаушылар ескертуді естігеннен кейін, құтқару кеудешелерін киіп үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.Оқиғаға двигательге кіріп кеткен құс себеп болған сияқты.
Ұшақ мұздай суға бір сағаттың ішінде батып кеткен: алдын-ала ақпараттар бойынша, ұшақ бортында болған барлық адамдар (148 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі) салоннан аман-есен шыға алған, олардың барлығы суға батып бара жатқан аэробустан құтқарылып алынды. 80 адам үсік шалып, ауруханаға түскен ? Гудзондағы су температурасы 5,5 градус шамасында болған.