Нью-Йоркта «Сарықыз» концертінің әлемдік премьерасы өтті

НЬЮ-ЙОРК. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Нью-Йорктегі Линкольн-орталықта британдық композитор Карл Дженкинстің скрипкаға арналған «Сарықыз» концертінің Марат Бисенғалиевтің орындауындағы әлемдік премьерасы өтті,


Нью-Йоркта  «Сарықыз» концертінің әлемдік  премьерасы  өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Концерт қазақ фольклорының сарыны бойынша жазылған еуропалық және орталықазиялық музыканың бірегей және үйлесімді синтезі болып табылады. Линкольн-орталықтың «Avery Fisher Hall» залында өткен концерттің көрермендері композитор мен орындаушының шеберліктеріне және дарынына орындарынан тұрып қол соқты. Карл Дженкинсті музыка сыншылары замананың жетекші классикалық музыканты деп атайды. «Нью-Йорк таймс», «Американ Джорнал фанфейр» және «Таймс» сияқты басылымдар, басқа да әлемдік басылымдарда Марат Бисенғалиевтің өнеріне сүйсінген мақалалар жарияланды. «Сарықыз» премьерасының бұл табысы - қазақ мәдениетін ілгерілетуге қосылған қомақты үлес және Қазақстанның әлемдік музыка кеңістігіне ықпалдасуының жарқын көрінісі болып табылады.