09:19, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
Нью-Йоркте 12 адам легионеллезден көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте ауыр бактериалық өкпе ауруы - легионеллездің тарауынан 12 адам қаза тапты, оның басым бөлігі оңтүстік Бронксте орын алды.
Қаза тапқандардың 11-і 40-тан асқандар, олардың денсаулықтарында басқа да ақаулары болған, - дейді дәрігерлер.
Эпидемиологтар бактерияны ондаған ғимараттың желдеткіш жүйелерінен тапқан.
Медиктер бұл инфекция егде адамдар үшін қауіпті екенін айтуда.
Кей құқық қорғаушылар Нью-Йорк әкімі Билла де Блазионы аурудың таралуына жедел ден қоймай отырғанын сынға алуда.
Ауру 1976 жылы Филадельфияда америкалық легион ардагерлерінің съезінде таралу орнына байланысты атау алған.