Нью-Йоркте 700-ден астам шерушілер ұсталды
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Нью-Йорк полициясы сенбі күні елді экономикалық дағдарысқа әкеп тіреген АҚШ-тың ықпалды қаржылық инстиуттарына қарсылық белгісі ретінде Бруклин көпіріндегі автомобиль қозғалысын жаппақ болған 700-ден астам шерушілерді ұстады,
деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Қарсылық акциясының салдарынан көпірде бірнеше сағатқа қозғалыс тоқталып қалды. Ұсталғандардың көпшілігі сотқа шақыру қағазын алып, үйлеріне жіберілді.