Нью-Йоркте АҚШ өлкелік федералдық соты Храпунов пен Әблязовтың отбасыларының ісі бойынша аралық шешім шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмысын ҚР Әділет министрлігі үйлестірген заң консультанттар сотты Нью-Йорктегі федералдық сот осы мәселе бойынша талқылау үшін құзыретті сот болып табылатынына сендіре білді. Сот істі тоқтату бойынша жауап берушілердің барлық дәлелдерін жойды. Осылайша, АҚШ-тан қаражатты заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, БТА банкі, Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Әділет министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде АҚШ-та М. Әблязов пен В. Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған он миллиондаған доллар бұғатталды.

Істі қарау кезінде сот қазақстандық тарап Храпунов отбасының бақылауындағы компания Нью-Йоркте жылжымайтын мүлік нарығында инвестициялық қызметпен айналысқанына  негізді дәлел келтірді деген тұжырымға келді. Сот қазақстандық тараптың дәлелдерін қабылдады, ол ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы федералдық заңның негізінде істі жалғастыруға мүмкіндік береді.

Әблязов пен Храпунов заңсыз баю және бөтен мүлікті пайдаланғаны үшін айыпталуда. Сот Алматы әкімдігі мен БТА банктің ұстанымы мықты екенін, үдерісте жеңіске жетуі мүмкін екенін айтты. Осыған байланысты сот қамтамасыз етілетін шаралар туралы қазақстандық тараптың қолдаухатын мақұлдап, ақшалай қаражатты бұғаттау туралы өз шешімін ұзартты.

АҚШ процессуалдық заңнамасына сәйкес одан әрі ақпаратты ашу рәсімі жүргізіледі. Бұл Әблязов пен Храпуновтың қылмыстық тобы жымқырған активтерді қайтару ісінде оң қадам болып табылады.

Соңғы жаңалықтар